Бірқатар елдерде WhatsApp месcенджері істен шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WhatsApp месcенджерінің жұмысы техникалық ақау орын алғаннан кейін қалпына келтірілді. The Verge америкалық желі ресурсының бағалауынша, техникалық ақау шамамен екі сағатқа жалғасқан, деп хабарлайды ТАСС.

Танымал интернет-ресурстарды бақылап отыратын downdetector желілік сервисі жариялаған ақпаратқа сәйкес, WhatsApp месcенджерінің жұмысы істен шыққан. Айта кететін болсақ, мессенджер Ресейде, ЕО елдерінде, АҚШ-та, Мексикада, Бразилияда, Үндістанда, ОАР-да тоқтап қалған.

WhatsApp болған ақаудың себебін әзірге түсіндірген жоқ.

WhatsApp - мәтіндік хабарламалар алмасуға және дыбыстық байланыс жасауға мүмкіндік беретін тегін сервис болып табылады. WhatsApp-тың өз бағалауы бойынша, сервистің ай сайынғы аудиториясы 1 млрд адамнан асады. 2014 жылдың ақпан айында WhatsApp-ты Facebook америкалық компаниясы шамамен 20 млрд долларға сатып алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар