Бір тәулікте 200-ден астам қазақстандықты үсік шалды - ДСМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бір тәулікте 200-ден астам қазақстандық үскірік аяздан зардап шегіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.

«Республикалық санитарлық авиация орталығы келтірген деректерге сәйкес, 2018 жылдың 23 қаңтарында Қазақстанда 223 адам «үсу» диагнозымен дәрігерге жүгінді. Оның 73-і ауруханаға жатқызылса, 150-іне емханада көмек көрсетілген. Науқастардың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады вице-министр.

Еске сала кетсек, Қазгидромет Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының күрт суытатынын ескертті.

«24-29 қаңтар аралығында Алматы, Жамбыл облыстарында, 26-29 қаңтар арасында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы төмендеп, түнде 15-20 градус аяз (кей жерлерде 25-30) түседі. Біртіндеп ол 20-25 градусқа дейін (кей жерлерде 30-35)  жетуі мүмкін. 

Астана қаласында аязды күндері 28 адамды үсік шалды.

 

Соңғы жаңалықтар