09:24, 13 Қыркүйек 2017 | GMT +6
Бір отбасының 3 мүшесі жанартау кратеріне құлап, мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігінде вулкан кратеріне құлаған 3 адам қаза тапты. Көз жұмғандар Неполь ауданы Флегрейский даласындағы жанартау орнын көруге келген туриндік отбасының мүшелері, деп хабарлайды Metro.
Бұл аймақта көптеген кратерлер мен жанартау орналасқан.
Ата-анасы бөгеттен асып түсіп, жанартау аймағындағы тыйым салынған аумаққа өтіп кеткен 11 жасар ұлын қуып жетпекші болған. Қайғылы оқиғаға олардың екінші ұлы куәгер болды. Оның көз алдында ата-анасы құлаған інісін алып шығу үшін үш метр биіктіктен жердің астына түсіп кеткен. Жергілікті БАҚ-тың болжамынша, үш адам жердің бетіне бөлініп жатқан улы газдан уланып өлген.
Поццуоло қаласының мэрі туриндік отбасы мүшелерінің мерт болу оқиғасының жай-жапсарын анықтайтын арнайы комиссия құрылатындығын хабарлады.