Бір келісі 40 теңге - Астаналық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірігіп, өнімділігі 5 есе жоғары жаңа картоп сұрпын сынақтан өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеу барысында жергілікті картоп тұқымы бір гектардан 30 тонна өнім берсе, жаңа сұрып - 150 тоннаға дейін өнім береді.

«Енді инвесторлармен бірігіп, жылыжай салуды көздеп отырмыз. Қала әкімінің де көп көмегі тиді: біздің оқу шаруашылығымыздың маңынан 10 гектар жер берді. Онда біз биотехнологияларға негізделген зертхана салып, картоптың жаңа сұрпын шығарамыз және оларды солтүстікқазақстандық шаруаларға сатамыз. Әзірге атын қойған жоқпыз, уақытша №6 деп атап жүрміз», - деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісіне университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.
null null 

Оның айтуынша, зерттеу барысында алынған картоп университет асханасына берілген және оқытушылар бір келісін 40 теңгеден сатып алған.

«Дәмі өте жақсы деп мақтап жатыр, чипсы пісіруге де ыңғайлы екен», - дейді ректор.

Университет жанында қытайлық, германиялық, оңтүстіккореялық және беларусьтық бірнеше халықаралық орталықтар жұмыс істейді. Төрт жылда 1,2 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылған.

Соңғы жаңалықтар