Бір-бірінен көз жазып қалған ана мен бала бес жылдан соң қажылықта кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестиналық мұсылман Имауддин Хамашу өзінің анасын қажылық сапарда кездестірді. Анасы мен баласы осыдан бес жыл бұрын Израильді қоршап алғанда бір-бірінен айырылып қалған, деп жазады muslim.kz.

Хамашу болса бұл сапарға Саудя елінің королі Салманның шақыртуымен келіп отыр. Король 1000 палестиналыққа қасиетті сапарды өтеуге жолдама берген болатын.+

«Мен қасиетті мекенде құжынаған халықтың арасында анамды көремін деп ойлаған жоқпын. Корольдің қайырымды ісінің арқасында анаммен қауыштым», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар