Бір ай ішінде «Сарыарқа» ЕЭА қатысушысы болуға мүмкіндік жасалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» еркін экономикалық аймақтың артықшылықтары туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты .

Ол қазіргі таңда инвесторларға қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

- Біздің ЕЭА-тың артықшылығы қандай? Біріншіден, бұл аймақтың әлеуеті - индустриалды алаң, шикізаттың болуы, арзан электр энергиясы. Қазір біз әрбір ЕЭА қатысушысына қажетті энергетикалық қуаттылықты ұсынуға дайынбыз, - деді обыс әкімінің орынбасары. - Сонымен бірге ЕЭА қатысушыларын рәсімдеу - бізге ол мерзімді бір айға дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Бұл тәжірибе жүзінде тексерілді - қатысушылар ол деректі растай алады.

Оның айтуынша, бір ай көлемінде жер телімі беріліп, техникалық шарттар ұсынылады. 
Әлеуетті қатысушылар үшін билік басындағылар инвестициялық тауашалар құрастырған екен.

- Біз барлық телімдер бойынша үлестірулер дайындап қойдық, қай жерде қандай зауыттар орналасатынын белгіледік. Бұл ретте облысқа енгізуге тура келетін тауарлардың импортына, сонымен қатар тұрақты ірі компаниялар шет елден сатып алатын өнімдерге сүйендік. Сонымен қатар келешекте нарық қандай өнімдерді пайдаланатынына болжау жасадық, - деп мәлімдеді Алмас Айдаров.

Жасалған сараптамалар ірі габаритті құбырлар өндірісі, ауылшаруашылық машиналарын жинау, лифт құрылысы, химиялық тыңайтқыштар өндіру тетіктері әлі жабылмағанын көрсетті. Облыста құрылыс кластері құрылған, алайда өзіміздің бояу-сырлау материалдары жетіспейтіні байқалады. Қазір шет елден гидравликалық және компрессорлық құрылғылар жеткізіледі, алайда оның өндірісін жергілікті жерде де ұйымдастыруға болар еді.

«Сарыарқа» ЕЭА аумағында қазіргі таңда 6 кәсіпорын жұмыс істейді, тағы 6 зауыт құрылыс саласында. 
Жыл соңына дейін патрон зауытының бірінші кезегі іске қосылады деп күтілуде. Құрылысты толығымен аяқтау 2018-ші жылы жоспарланып отыр. Жобанық құны - 22 млрд теңге. Бірінші кезеңде тапанша оқтары шығарылады.  Облыс әкімінің орынбасары мәлімдегендей, қажетті жабдықтар сатып алынған, қазіргі таңда іске қосу- реттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Сарыарқа» ЕЭА ҚР Президентінің Жарлығымен 2011-ші жылдың қарашасында Металлургия және Метал өңдеу индустриялық паркінің негізінде құрылған болатын. Оның қызмет ету мерзімі 2036-шы жылдың 1-ші желтоқсанына дейін деп белгіленген. Аймақ 500 гектардан астам аумаққа созылған. ЕЭА қызметінің басым бағыттары металлургиялық өнімдерді және металл заттарды өндіру, электрондық және оптикалық өнімдер, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы деп анықталған. Инфрақұрылым да салынған: қуаттылығы 5 100 текше метрді құрайтын сумен қамту жүйесі және кәріз; электр қуатымен қамту - 486 МВт; теміржол станциясы. 
Атап өткен жөн, ЕЭА қатысушылары салық және кедендік жеңілдіктерді пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар