Билл Гейтс Американың ең бай адамы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық кәсіпкер, филантроп және Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс АҚШ-тың ең бай тұрғындары тізімінің басында тұр. Сәрсенбі күні Forbes журналында жарияланған рейтинг бойынша елдегі 50 штаттың әрқайсысындағы байлардың қатарында Билл Гейтстің (Вашингтан штаты) байлығы 88,9 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Microsoft-тың ортақ құрылтайшысы әлем бойынша да ең бай адам қатарында. Вашингтонда тұратын америкалық Amazon интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос штаттағы ең бай тұрғындар арасында екінші орынға ие болды (83,3 млрд $). Небраскідегі ең бай тұрғын ретінде инвестор Уоррен Беффет танылды (76,2 млрд $). Америкадағы ең жас бай адам ретінде тағы да  Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған 33 жастағы Марк Цукерберг атанды, ол да  Калифорнияның ең дәулетті тұрғындарының бірі. Ал, Нью-Йорктегі ең бай адам бұрынғысынша экс-мэр Майкл Блумберг (50,7 млрд $), Арканзастағы дәулетті адам Джим Уолтон (38,5 млрд  $) - әлемдегі көтерме және жеке сауда желісіне ие Walmart компаниясының құрылтайшысы Сэм Уолтонның ұлы. Оның Техас штатында тұратын апайы Алиса Уолтон сол аймақтағы ең бай әйелдердің бірі (38,2 млрд $). 

Соңғы жаңалықтар