Білімнің бәсеке қабілеттілігі экономиканың өсуіне әкеледі - сенатор

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауында айтылған білімнің бәсеке қабілеттілігі, адам капиталын дамыту экономиканың өсуіне әкеледі. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Парламент Сенатының депутаты Динар Нүкетаева ҚазАқпарат тілшісіне айтты.

«Елбасы жолдауы халықтың көңілінен шығып жатыр. Әсіресе әлеуметтік мәселеге байланысты проблемалар жақсы көтерілген. Мен өзім кезінде педагогикалық саладан еңбек еткен шыққан азамат ретінде Елбасы жолдауында педагогика саласына керекті өте өзекті мәселелер көтерілгенін атап өткім келеді. Білімнің бәсеке қабілеттілігі, адами капиталды дамыту экономиканың өсуіне әкеледі. ЖОО арасындағы бәсекелестік, білім мазмұнын жаңғырту мәселелеріне тоқталып өтті.  Мемлекет басшысы жылда білім саласына қатысты маңызды ұсыныстар айтады. 2019-2020 жылдан бастап орта білім жүйесі түбегейлі жаңарған білім мазмұнына көшеді», - деді сенатор.

ҚР Парламентінің қос палатасының депутаттары өңірлерде сайлаушыларымен кездесіп жатыр.

Айта кету керек, бүгін ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты кезекті Жолдауы жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар