Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -6 °С
Алматы: 1 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алады

2018 жылғы 13 ақпан 15:17 1123
Бөлісіңіз:
Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова өз жалақысының көлемін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды Қазақстанда мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

«Бізде ешқандай үстеме ақы, қосымша төлемдер жоқ. Мен шамамен 600 мың теңге жалақы аламын. Бұл айлықты саяси мемлекеттік қызметші ретінде алып отырмын", - деп жауап берді вице-министр ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында журналистер сұрағына.

Бибігүл Асылова мемлекеттік қызметшілердің жалақысы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне және білім деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ол 2016 жылдың маусым айынан бері вице-министр қызметін атқарып келеді. Еңбек жолын Көкшетау облыстық қаржы басқармасында бастаған. Ұзақ жылдар бойы Қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс істеді және Экономика мен бюджеттік жоспарлау, Мәдениет, Ақпарат және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде, Статистика агенттіктерінде түрлі бөлімдер мен басқармаларды, департаменттерді басқарған.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат