Білім несиесін алғандар қарыздарын әлі қайтарып жатыр - Қаржы орталығы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1999-2005 жылдары мемлекеттік білім беру несиесін алған мыңдаған азаматтар әлі күнге дейін өз қарыздарын толығымен өтеген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимовтың айтуынша, борышкерлердің көбісі қарызды сотқа дейін төлеуге тырысады.

«Иә, халықтың жауапкершілігі байқалады. Себебі білім несиесін алғандардың басым бөлігі істі сотқа жеткізбей, өз қарыздарын төлеп жатады. Қазіргі кезде шамамен 15 мың адам қалды. Олардың барлығы қарыздарын ақырындап төлеп жатыр. Енді, бұның барлығы мемлекеттің ақшасы ғой. Сондықтан оны қайтару қажет», - деді А.Ибраимов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 1999-2000 жылдары Үкіметтің арнайы қаулысы негізінде мемлекеттік білім беру несиелері берілген болатын. Аталған несиелердің уақыты - 15 жыл. 2005 жылы ҚР Президенті жасаған Жолдаудан кейін несиемен оқығандардың барлығы мемлекеттік грантқа ауыстырылды. Алайда үш жақты келісімшарт бойынша оған дейінгі несиенің ақшасы мемлекетке қайтарылуы шарт.

Соңғы жаңалықтар