Білім министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын түсіндірді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы халыққа 2017 жылдан басталатын Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің жаңа форматын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім министрлігі алдымен ұлттық тестілеудің форматын ауыстыруға ата-аналар мен оқушылардың арыз-тілектері түрткі болды деп жазған.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізген соңғы брифингте мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы мен жоғарғы оқу орнына түсудің жаңа форматы таныстырылған болатын. 2017 жылдан бастап жас түлек мектепте емтихан тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан мен ҰБТ тапсырады. ҰБТ - және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесінің функциясын атқарады»,-деп хабарлап отыр БҒМ.

Яғни, 2017 жылдан бастап, жоғарғы оқу орнына талпынған түлек мектеп қабырғасында 5 пәннен қорытынды аттестациядан өтуі керек екен.

Ол мынандай пәндер:

1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу);

2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде - орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде - қазақ тілінен (тест түрінде);

3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан);

4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша);

5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) - тест тапсырады.

Соңғы жаңалықтар