Білім министрлігі 5-сынып оқулығына қатысты сынға жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтары жайлы дау көп. Бұған дейін де болған, бола да бермек. Биылғы оқу жылы да мұндай талас-тартыстан кенде болмады. Биылғы шу 5-сыныпқа арналған математика төңірегінен шықты. Бұл жолы оқу құралының авторлары плагиатшылар деп айыпталды. Тексере келгенде бұл «жаңалық» та шындыққа жанаспайтын болып шықты, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ольга Бутко атты желі қолданушысы өзінің Facebook-аккаунтында кітаптағы №15 есеп «интернеттен көшірілген» деп жазды. «Тіпті сандарды да өзгертпеген!» - деп ашуланады автор. Аккаунт иесінің айтуынша, оқулықты құрастырушылар біреудің еңбегін пайдаланғанымен қоймай, қаламақы да алып отыр. Автордың атына айтылған бұл сынның жаны бар секілді болып көрінеді», делінген хабарламада.

Ведомство жауабындағы мәліметтерге сүйенсек, Бутконың жазбасында оқулықтың беті мен аталған есептің скриншоты берілген. Ол 2015 жылы интернет ресрустардың бірінде жарияланған да. Алайда, автор асығыс пікір білдірген. №15 есеп 2015 жылы басылған математика оқулығынан алынғаны рас. (ол есеп кітаптың 9 бетінде №23 есеп деп берілгені бейнеленген). Ал Т. Алдамұратова - сол математика ғана емес, қазіргі жаңарған математиканың да авторы. Яғни кітап авторы ретінде өзінің ең сәтті жұмысын қайта басылған кітапта пайдалануға толық құқы бар.

Сондай-ақ, жауап жазбада Т. Алдамұратованың бесінші сыныпқа арналған математика оқулығы алғаш рет 2001 жылы басылған. Оқу құралы 4 рет қайта басылғаны, 2017 жылғы басылым кезінде оқулық мазмұны жаңартылған бағдарламаға сай өзгертілгені айтылады. Сондықтан да есеп еш өзгерместен жаңа оқу құралына енген екен.

Ольга Бутконың постын мына жерден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар