Білім деңгейі әлемдік талаптарға сай болуы керек - Тимур Нұркешов

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Еліміздегі білім деңгейі әлемдік талаптарға сай болуы керек.Бұл туралы Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлікмектебінің директоры Тимур Нұркешов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұған дейінгі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, арнаулымақалаларында білімнің салтанат құруы, адами капиталдың сапасын арттырумәселесі туралы атап көрсетілгені белгілі. Биылғы Жолдауда еліміздің барлықжалпы білім беретін мектептерінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшужұмыстарын жалғастыру, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, жастарды жаңатехнологиялық қалыпқа дайындау, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, қазақ,орыс және ағылшын тілдерін меңгеруді жүйелендіру, оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларындамытуға жағдай туғызу секілді тапсырмалары берілді. Мұның бәрі қазіргі әлемдікбілім беру саласындағы басты талаптардан туындап отыр.

«Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі өңірдегі мектептерге өзініңтәжірибесін тарату, педагог кадрларға оқу-әдістемелік қолдау көрсету,тәжірибелі мұғалімдердің үздік бейнесабақтарын, әдістемелік көмекші оқуқұралдарын дайындау және оны қолжетімді түрде тарату жұмыстарын жалғастыра береді. Атап айтқанда, қазіреліміздің барлық мұғалімдері қолданып отырған smk.edu.kz оқу-әдістемелікпорталына педагогтарымыз да сабақ жоспарларын, әдістемелік құралдарын салуда.  Қазіргі таңда мектебіміз облыстық білімбасқармасымен бірлескен жұмыс жоспары негізінде тәжірибе тарату жұмыстарынкешенді жүргізуде» , - деді Тимур Сейітқажыұлы.

Оның айтуынша оқу жылының басында мектептің педагогикалық құрамы барлық аудандарда «Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы» бойынша семинарлар өткізіп, оған 1200-ден астам мұғалім қатысыпты.

«Өткен жылы басталған мектеп басшыларының білім ордаларын тиімді әрі табысты басқаруына қолдау көрсету мақсатындағы бес күндік тағылымдама жалғаса бермек. Қазірге дейін қырықтан астам мектеп басшысы осы тағылымдамадан өтті. Елбасы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді орындау бағытында мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жасалатын болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар