Білім беру жинақтау салымдары бұдан былай өндіріп алуға жатпайды -БҒМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйегінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заң күшіне енді. Оған сәйкес Білім беру жинақтау салымдары бұдан былай өндіріп алуға жатпайды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Еске салсақ, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында Қазақстан Республикасының азаматтары болашақта кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге жұмсауға болатын ұзақ мерзімді салым аша алады.

«Бұл салымға банктен сыйақы (14%) және жыл сайын мемлекеттен сыйлықақы (5-7%) есептеледі. Мемлекет сыйлықақасының мөлшері - жылдық 5%, басымдылықты санаттағы балалар: жетім балалар, мүгедек балалар, аз қамсыздандырылған, көпбалалы  отбасылардағы балалар үшін - жылдық 7%», - деп нақтылады ҚР Білім және ғылым министрлігінде.

Ведомствоның мәліметінше, бала мемлекеттік білім грантына ие болған жағдайда барлық жинақталған қаражат толығымен салымшының иелігіне өтеді.

Соңғы жаңалықтар