Билік айту оңай, біліп айту қиын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жыл - еліміз үшін ерекше жыл. Ғасырлар бойы азаттықты аңсап, өз тарихында «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы ата-бабаларымыздың ең асыл арманына қол жеткізгеніне, Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті атанғанына ширек ғасыр толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын осы қысқа мерзім ішінде еліміз Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында аймақ қана емес, алты әлемге танылған толыққанды заманауи мемлекет болып қалыптасты, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.

Өткен уақыт аралығында елімізде толыққанды демо­кра­тияның салтанат құруына нық қадамдар жасалып, құ­қықтық-саяси тұрғыда да­му­дың жаңа кезеңі қызу қар­қын алды. Елімізде жаңа­шыл саяси өзгерістер тың­ғылықты әрі түбегейлі өріс­теді. Бұл қоғам­дық және мем­ле­кеттік мүд­делердің жаңа тең­ге­р­ме­лігіне, мемлекеттік құ­ры­­лыс­тың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қа­­лыптасуына өзінің ық­па­лын ти­гізіп, құ­қықтық демо­кра­тияның әлемдік өр­кениетке сай өз ретімен және жүйелі түр­де жүзеге асырылуына мүмкіндік берді.

Бұл өзгерістер Қазақстанның әлем­дік қоғамдастықта айтар сөзін, отырар орнын білетін, дамыған алпауыт елдердің өзі пікірімен санасатын, алдына ең дамыған 30 елдің қатарына кіріп, Мәңгілік Ел болуды ұлы мұрат етіп қойған өршіл мақсатты мемлекет екенін танытты. Осы ұлы мұраттар тұрғысынан алдымен еліміздің ғасыр ортасына дейінгі даму бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы, оларды іске асырудың «100 нақты қадамы» - Ұлт жоспарын жариялап, 5 халықтық реформа аясында атқарылатын мін­дет­терді белгілеп берді.

Елбасы осы 5 реформа аясында бірінші кезекте кәсіби мемлекеттік аппарат құруды белгілесе, екінші кезекте құқық тәртібі мен заңдылықты қам­та­ма­сыз ететін сот жүйесін реформа­лауды алға қойды. Осы тұрғы­да «100 нақты қадамның» 11-і тікелей сот жүйесін одан әрі дамытуға арналған. Мұн­да­ғы басты міндет - сот құ­рылымы мен сот ісін жүр­гі­з­у­дің тиімділігін арттыру, сот төрелігіне қолжетімділікті қам­тамасыз ету, заң үстемдігін сақ­тау және елімізде ең жоғары стан­дарттарға сай сот жүйесін қа­­лыптастыру.

Қазірге дейін бұл мін­дет­терді заң­на­малық тұрғыдан қам­­тамасыз ету аясын­да жаңа Азаматтық іс жүргізу ко­де­к­сі мен жаңа «Жоғары Сот Ке­ңесі туралы» Заң қабыл­дан­­ды. «Сот жүйесі және су­дья­­лардың мәртебесі туралы» Кон­ституциялық заң­ға, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құ­­қық бұзушылық туралы кодекске қа­жетті өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, Ұлт жос­парындағы сот жүйесін рефор­ма­лауға қа­тысты аталған барлық 11 қа­дам құқықтық тұрғыда толық жү­зеге асы­рылды.

Ең маңызды өзгерістердің бірі - азаматтардың сот төре­лігіне қол­­­же­­тім­ділігін жеңілдету үшін сот жүйе­сі­нің са­тыларын оңтайландыру жүзеге асырылып, соттылықтың аражігін ашу үдерісі аясында үш буынды сот жүйесі өмір­ге келді. Әрине, бұл жүйенің ең ба­с­ты артықшылығы - ендігі жерде сот­қа жүгінген азаматтар көптеген сот сатыларының арасында сенделіп жүр­мейді, әрқайсысының өз құзіреті бар үш буынды сотқа жүгінумен іске соңғы нүкте қойылады.

Сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз ету үшін судьялар корпусын адам­гер­шілік қасиеттері мен біліктілігі жо­ға­ры мамандардан жасақтау мә­селесі ма­ңызды шарттардың бі­рі екені даусыз, өйткені, әді­лдікке қызмет ету екінің бірі­нің қолынан келе беретін оңай шаруа емес. Дауласқан жақ­тар­ға төрелік жасауға, мемле­кет атынан билік айтуға бел буып, судьялық қызметке кел­ген адамның тартар ауыр­т­палығы да аз болмаса керек, өйткені, «қара қылды қақ жарып», әділдік сөзін айту мә­р­тебелі болумен қатар, үлкен жауап­кершілік жүктейді.

Осыған байланысты Ұлт жос­па­рын жүзеге асыру ая­сын­­­да судьялық лауазы­м­-
ға үміт­керлерді іріктеу тетіктері кү­шей­тілді. Судьялық қызметке іріктер кезде үміт­кердің білім деңгейімен қатар, оның адам­гершілік болмысы мен ар-ождан тазалығына, пайым-па­расат тереңдігі мен таным-түйсі­гінің кеңдігіне басты на­зар аударылатын болады. Ой­лау және сөйлеу мәдениеті, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі де оларға қойылатын талаптардың бірі болуы керек.

Бұған дейінгі қалыптасқан тәртіп бойынша судьялыққа үміткерлердің жер­гі­лікті соттарда тағылымдамадан өтуі фор­мальды түрде болуына байланысты оң нәтиже бермей келгені бәрімізге аян. Үміткер та­ғылымдамадан өзінің негіз­гі жұмысынан қол үзбей өтуі­не байланысты оның сот мәжі­лістерін ұйымдастыруды, сот отырыстарын өткізуді мең­геруіне, сот актілерін сапалы әрі заң талаптарына сай жазып үйренуіне, түптеп келген­де, тиісті дәрежеде судья қызметіне машықтануына то­лық мүмкіндігі болмағаны анық.

Осы тұрғыдан алғанда, судья­лыққа үміткерлерді жа­ңа жүйе бойынша соттар­да бір жылдық ақылы та­ғы­лымдамадан өткі­зу тәртібінің енгізілуі, үміт­кер­лерді іріктеу тәртібін кү­шей­ту мақсатында әрбір облыстық және оған теңес­ті­рілген соттарда іріктеу комис­сияларының құрылып, бұл ретте заңгер мамандығы бойынша көп жылдық еңбек өтілі бар, оның ішінде сот істерін қарауға тікелей қаты­с­қан, сол сияқты судья лауазым­ына біліктілік емтиханын тапсырғанда жо­ға­ры көрсеткішке ие болған әрі ғы­лыми ата­ғы немесе дәрежесі бар тұлғаларға ба­сымдық берілуі - олардың судьялық қыз­метке дайындық деңгейін кө­теруге бағытталған қадам.

Судьялардың кәсіби қыз­мет­ін ба­ға­лаудың енгізілуі де сот корпусының сапа­лық құ­рамын жақсартуға, олар­дың білік­тілік дәрежесінің өсуін ын­таландыруға, жауа­п­кер­ші­лі­гін жо­ға­ры­латуға жаңа серпін береді деп есеп­тейміз.

Соттарда дыбыс және бей­не жазуды қолданып, сот үде­рісі ке­зін­де мәтінді жазуды тоқтату мен өзге­ртуге жол бермейтін заманауи ақ­парат­тық тех­­нологияның енгізілуі - сот тө­ре­лі­­гінің ашықтығы мен қол­же­тім­­ді­гін, судьялардың, сот үдерісіне қа­ты­с­у­шылардың тәр­тібін жақсартып, дау­лардың әділ шешілуін қамтамасыз ету ар­қылы қоғамның соттарға деген се­ні­мін арттыруға қосымша кепіл болатыны сөзсіз.

Қазіргі кезде Алматы қаласының сот­тары дыбыс-бейнежазба құрыл­ғы­ла­­ры­­мен толықтай жабдықталған және бар­­лық сот процестері дерлік дыбыс-бей­нежазбаға түсіріледі. Бұл жүйе, бір жағы­нан, нақты сот істерін қарау бары­сын­да судьялардың бейтараптығын қам­тамасыз ету үшін маңызды кепіл бол­са, екінші жағынан, судьяларға қой­ылатын талаптарды жетілдірудің тиімді құралы ретінде қызмет етуге арналып, тараптардың тәртібін нығайтады. Түптеп келгенде, мұның бәрі судьяның әрекетіне айтылатын шағымдарды азайтады.

Осыдан үш жыл бұрын өткен Қазақ­с­­тан Республикасы судьяларының VІ съезі­нде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді жү­зеге асыру­да қыруар іс ат­қа­ры­лғанының куәсі бо­лып отырмыз. Мұның бәрі - еге­мен­­­діктің ал­ғашқы күндерінен бастап, тәу­е­л­­сіз сот жүйесін құруды мемлекетті ны­­­ғайтудың басым ба­ғыттарының бірі ре­­тінде белгілеп, оны жүзеге асы­р­уға үнемі қолдау көрсетіп келе жат­қан Елбасының өлшеусіз еңбегінің нә­тижесі.

Ал адамның тағдырын шешу, даулы мәселелерге әділ төрелік айту қашан да оңай бол­маған. Судьяға түсетін сал­мақтың ауырлығы да бел­гілі. Мұны ел басшылығы да жақсы түсініп, мемлекет тар­а­пынан еліміздің бүкіл судья­лар жасағына үнемі қам­қор­лық көрсетіліп келеді. Биылғы жыл­дың басынан бастап қыз­метін ұзақ жылдар мінсіз ат­қарып, зейнет жасына жетіп, құр­метті демалысқа шыққан судьяларға өмір бойғы ай сай­ынғы қамтылым төлеу туралы шешімнің қабылдануы да мұның айқын дәлелі.

Елбасының сот саласы қызмет­кер­леріне сенімі еліміз­дің бүкіл сот жүйе­сіне, әрбір су­дья­ға үлкен жауап­кер­ші­л­ік жүк­тейді. Өйткені, әділдік сал­танат құрған қоғамда ғана тұрақтылық пен өсіп-өркен­деуге негіз қаланады. Азаматтар уайым-қайғысыз, бейбіт те белсенді болып, ұрпағының болашағы үшін нық сеніммен өмір сүреді. Мем­ле­кеттің орнықты дамуына, алға қойған ұлы мұраттарына ұмтылуына қолайлы жағдайлар жасалады.

Біз бүгін алдымызға Мәңгілік Ел бо­лу­­ды ұлы мұрат етіп қойған елміз. Осы мұ­ра­тқа жетуде азаматтардың ұлт­тық сот жүйесіне деген берік сенімін, отан­шылдық, мемлекетшілдік сезімдерін ны­ғайта отырып, сот төрелігін әділ жүргізу арқылы әрбір судья бұл іске орасан зор үлес қоса алады.

Ақжан ЕШТАЙ,

Алматы қалалық сотының төрағасы

Соңғы жаңалықтар