Биіктен құлаған цирк акробаты көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалмақ Республикасының астанасы Элистадағы Мстислав Запашный циркінің биіктен құлаған акробаты Антон Мартынов қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат цирктің әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Антон Мартынов 24 ақпан күні Элистадағы «Ойрат-аренада» өнер көрсетіп жатқанда 5-6 метр биіктен құлап кеткен болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиғаға қайыстың карабиннен шығып кетуі себеп болған.

Бұған дейін акробаттың жағдайы ауыр деген ақпарат тараған. Дондағы Ростов ауруханаларының біріне алып кетердің алдында Мартыновтың жүрегі соғуын тоқтатқан.

Оқиғаға қатысты РФ тергеу комитетінің Қалмақия бойынша тергеу басқармасы процестік тексеріс жүргізіп жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар