Бидің түбін түсірген роботтар рекордтар кітабына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WL Tech компаниясының Dobi атты 1069 роботы ақылды машиналар арасындағы жаппай биге тартылды, деп жазды БЕЛТА.

Бұл Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтті. Олар бұрынғы әлемдік рекордты жаңартты. Оны Гиннес рекордтар кітабы өкілдері ресми тіркеді.

Роботтар адамдардың істей алмаған үйлесімдігіне қол жеткізді. Олар бірыңғай орталықтың көмегімен басқарылып отырғанына қарамастан, бірнеше бишілер нөмірді орындап жатқан кезде құлап қалды. Dobi билей алатын қабілетінен бөлек, олар ән шырқай алады. Сондай-ақ ақылды машиналар кунг-фу әдістерін жетік меңгерген, бокстаса да алады. 

Соңғы жаңалықтар