Бибігүл Төлегенова «Еуразия» кинофестивалінің арнайы сыйлығына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің ұйымдастыру комитеті "Кинематография өнеріне қосқан үлесі үшін" атты арнайы сыйлықты тағайындады. 

Аталған марапатқа КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова ие болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Осы жасқа келіп, сіздермен бірге бүгінгі мейрамды атап өтіп отырғаныма өте қуаныштымын. Меніңше, әлемнің түкпір-түкпірінен танымал әртістердің келіп, өз өнерлерін паш еткені үлкен қуаныш әрі мәртебе. Менің тілегім бір, аспанымыз ашық болсын! Осындай кездесулер көп болсын!", - деді Бибігүл Төлегенова кинофестивальдің ашылу салтанатында. Осыдан кейін xалық әртісі "Көктем туралы вальс" әнін орындап берді.

Айта кетейік , бүгін "Еуразия" кинофестивалі аясында Голливуд жұлдыздары қызыл кілемге қарамай, қазақ жанкүйерлерімен арнайы амандасты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та кинофестиваль қатысушыларына өз құттықтауын жолдады . 

Соңғы жаңалықтар