Биатлоннан Қазақстан құрамасы жекелей аралас эстафетада үздік ондыққа енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық биатлоншылар Владислав Витенко мен Галина Вишневская Контиолахтидегі Әлем кубогының кезеңіндегі жекелей аралас эстафетада тоғызыншы орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің сайтына сілтеме жасап.

«Синглмиксте» жеңісті Франция құрамасы тойлады. Екінші орынды Австрия ұжымы иеленсе, үздік үштікті Норвегия командасы түйіндеді.

Владислав Витенко мен Галина Вишневская бастаған ұлттық құрамамыз сайыс қорытындысы бойынша тоғызыншы орынға жайғасты.

Биатлоннан Әлем кубогының VII кезеңі, Контиолахти, Финляндия

Жекелей аралас эстафета, 2х3+2х2.5 шақырым

1. Франция - 33:29.1

2. Австрия - +2.4

3. Норвегия - +4.4

... 9. Қазақстан - +57.6

Соңғы жаңалықтар