Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: Ең үздік нәтиже - 14-орын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Антхольцта (Италия) өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогының алтыншы кезеңінде Қазақстанның әйелдер құрамасы спринтте  (7,5 шақырым) сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сында ел намысын қорғаған спортшылар арасынан ең үзік нәтижені Галина Вишневская көрсетті (14-орын). Ольга Полторанина мен Алина Райкова сәйкесінше 47 және 48-орындарға жайғасса, Дарья Климина мен Елизавета Бельченко жарысты сәйкесінше 70 және 79-орындарда аяқтады.

Бұл сында бас жүлдені норвегиялық биатлоншы Тириль Экхофф қанжығасына байласа, екінші орынды германиялық Лаура Дальмайер жеңіп алды. Ал үздік үштікті чехиялық Вероника Виткова қорытындылады.

Бүгін жарыс алаңына ерлер шығады.

Биатлоннан әлем кубогының VI кезеңі, Антхольц-Антерсельва, Италия

Әйелдер:

Спринт, 7,5 шақырым

1. Тириль Экхофф (Норвегия) - 21:05.3

2. Лаура Дальмайер (Германия) - +12.0

3. Вероника Виткова (Чехия) - +20.6

... 14. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:07.2

47. Ольга Полторанина (Қазақстан) - +1:58.6

48. Алина Райкова (Қазақстан) - +2:00.7

70. Дарья Климина (Қазақстан) - +2:40.7

79. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +3:07.0


Назарларыңызға алты кезеңнің жарыс кестесін ұсынамыз:

19 қаңтар

Ерлер

Спринт 19:15

20 қаңтар

Әйелдер

Ізге түсу 18:15

Ерлер

Ізге түсу 20:00

21 қаңтар

Әйелдер

Масс-старт 17:30

Ерлер

Масс-старт 19:45

*Астана уақытымен


Фото: facebook.com/pg/kzbiathlonunion

Соңғы жаңалықтар