Безруков суреті 305 000 теңгеге сатылды, қаржы қазақ бүлдіршінін емдеуге жұмсалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруковтың қолтаңбасы қойылған сурет 305000 теңге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аукцион жабық! Қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға ризашылық білдіреміз. Алтын қолтаңба қойылған суретті 305000 теңге ставка қойған Aiman Andaspayeva алатын болды. Айман сізге көп рахмет», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасына аукционды өткізуге мұрындық болған Анна Токишева.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазАқпарат Youtube сайтында Ресейдің танымал кино және театр әртісі, Губерн театрының көркемдік жетекшісі Сергей Безруковтың 40 секундық видеосы пайда болғанын, онда әртіс Әдемі есімді қазақ бүлдіршінін ауыр сырқаттан құтқаруға әрекеттенген жазған болатын.

Сергей Безруковтың қолтаңбасы қойылған портреттің бастапқы құны 35 000 теңге, аукциондағы бір қадам 1000 теңге болды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда туған Әдемі Қуанышбек екі жаста. Бүлдіршін қатерлі ісікке шалдыққан. Оңтүстік Кореяда жасайтын операция үшін 423 мың доллар жинау керек. Қазір ата-анасының қолында 91 мың доллар бар. 

 

Соңғы жаңалықтар