Бейжіңді басқан қара түнектің бейнекөрінісі пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жұмыс істейтін британиялық Чес Поуп YouTube желісінде Бейжіңді торлаған қара түнектің бейнекөрінісін жария етті, деп жазады Риа Новости.

Жедел түсірілген бейнекөріністе 20 минуттың ішінде қаратүнектің Қытай астанасының аспанын қалай басып қалғандығы айқын байқалады. Сейсенбі, 3 қаңтар күні Қытай ауаның ластануына байланысты дабылдың ең жоғарғы «қызыл» деңгейін жариялады, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Қаратүнектің салдарынан әуе рейстері кешігуде, кейбір автомагистральдарда жолдар жабық, жеке көлікпен жүруге тыйым салынған. Қаратүнек Қытай астанасын жыл бойына торлап тұратын кездері болады. Дегенмен, жылу маусымы басталған қараша айының орта тұсы мен наурыз айы аралығында бұл проблема ерекше өзектілене түседі.

2017 жылы Бейжің қоршаған ортаның ластануымен күреске 2,5 миллиард доллар шығындауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар