Бейжіңдегі клиникада алданып қалған қазақстандық мүгедек балаларға мәселе қайта көтерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚХР астанасы Бейжіңдегі клиникада алданып қалған сал ауруына шалдыққан (ДЦП) балалары бар қазақстандық 13 отбасына қатысты мәселе қайта көтерілді. Мүгедек балаларға «3 S жүйкені бұғаттау» емін қолданудың орнына «ботокс» уколдарын салып жіберген клиника өтемақы төлемек.

«Sezimtal» қоғамдық қорының үйлестірушісі, адвокат Сұңқар Нұрмағамбетовтың хабарлауынша, балаларға ем жүргізген Қытайдағы клиника Қазақстан азаматтармен арадағы дауды сотқа жеткізбей реттеуге дайын екенін айтқан.

«13 отбасының өкілі мен біздің қор қазан айында Бейжің қаласына ұшып барып, ауру балаларға қате ем жүргізген емханадан өтемақы алу жөнінде келіседі. Қажетті құжаттар реттелу барысында. Біз өтемақы тезірек жасалады деп сеніп отырмыз. Сонымен қатар, ҚР СІМ тарапынан да Қытайда жүргенімізде хабарласатын жағдай туындап жатса, қолдау табамыз деген үміттеміз», - деді адвокат.

Еске сала кетейік, церебральды сал ауруына шалдыққан балалары бар қазақстандық 13 отбасы Бейжіңдегі Лимин клиникасынан«3 S жүйкені бұғаттау» жүйесі бойынша ем қабылдауға өтініш білдірген. Алайда, ата-аналарының айтуынша, олар сұраныстары бойынша ем қабылдамаған. Олардың әр қайсысы 197 мыңнан шығын көрген. Осыдан кейін

«Sezimtal» қоғамдық қоры мен мүгедек балалардың ата-аналары ҚР СІМ Ерлан Ыдырысовқа өтінішпен шығып, Бейжіңдегі медициналық клиниканы жауапқа тарту қажеттігін сұраған болды.

Соңғы жаңалықтар