Бейжіңде тұрғын үйде болған өрт 5 адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Бейжіңнің Чаоян ауданындағы тұрғын үйлердің бірін өрт шалып, оның салдарынан бес адам қаза тапты, тағы сегізі жарақаттанды, деп хабарлайды Синьхуа .

Өрт 13 желтоқсан күні 01:18 шамасында Чаоян ауданының Шибалидянь кентіндегі тұрғын үйде тұтанған. Күйік шалғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді, жағдайлары орташа.

Алдын ала тергеп-тексеру қорытындыларына қарағанда, өрттің тұтануына электровелосипедтің жануы себеп болған.

Соңғы жаңалықтар