Бейжіңде ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың «Дяоюйтай» мемлекеттік резиденциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Циндаода өтетін саммитке дайындық кезеңдерін қорытындылайтын бұл отырысқа Қытайдан -Ван И, Қазақстаннан - Қайрат Әбдірахманов, Қырғызстаннан - Ерлан Абдылдаев, Өзбекстаннан - Абдулазиз Камилов, Тәжікстаннан - Сироджидин Асылов, Үндістаннан - Сушма Саварадж, Ресейден - Сергей Лавров, Пәкістаннан - Хавадж Мухаммад Асиф және ШЫҰ бас хатшысы Рашид Әлімов қатысты.

Министрлер мемлекет басшыларына ұсынылатын құжаттар мен шешімдерге шолу жасайды.

«Шанхай сегіздігі» дипломатиялық ведомстволарының басшылары Сирия мен Ауғанстандағы ахуал, Корея түбегіндегі жағдай және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру сияқты мәселелер бойынша ұстанымдарды одан әрі үйлестіру мәселесін талқылайды.

Сонымен қатар, министрлер ШЫҰ-ның халықаралық және аймақтық ЮНЕСКО, АСЕАН сияқты халықаралық және аймақтық бірлестіктермен байланыстарын дамыту мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар