Бейжіңде Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы атап өтілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде қазақтың ақиық ақыны әрі прозашы, аудармашы және педагог Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай «Жалынмын - мен, жанамын...» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған қытайлық ғалымдар мен студенттер қатысты, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сондай-ақ іс-шараға Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының сарапшылары Қытай ұлттық Орталық университетінің оқытушылары мен студенттері, Бейжің шет тілдері университетінің жанындағы «Қазақстан Орталығы», ҚР Елшілігінің дипломаттары және басқалар қатысты.

Қытайлық студенттер ақынның өлеңдерін қытай және қазақ тілінде оқыды, ал сарапшы лингвистер Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар