Бейжіңде қазақстандық автомобильдерді Қытай нарығына экспорттау мәселесі талқыланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 19-22 шілде күндері «Азия Авто» компаниясының президенті Ерік Сағымбаев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Майкенов бастаған делегация Бейжіңге сапарлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің қолдауымен қазақстандық делегация ҚХР Мемлекеттік сертификация және аккредитация басқармасы, «China Certification Corporation» корпорациясы, Қытайдың экспорттық-импорттық банкі мен басқа да бірқатар қытайлық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

null 

Тараптар қазақстандық автомобильдерді Қытай нарығына экспорттау жағдайын, ҚР автоөнеркәсіп кешенінің өнімдерін ҚХР-ға сертификациялау және лицениялау мәселелерін, сондай-ақ логистикалық және қаржылық аспектілерді талқылады. 

null 

Соңғы жаңалықтар