Бейжіңде қазақ жастары Жаңа жылды домбыра сазымен қарсы алды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Бейжіңде Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігі «Үкілі домбыра» творчестволық кешін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Мәдени шараға ҚХР-дағы қазақ диаспорасының қатарынан шыққан студенттермен бірге қытайдың ұлттық саз аспаптарын ройнайтын шебер музыканттар да қатысты.


«Біз 2018 жылды домбырамен күй шертіп қарсы алдық. Біз күйден әсер ала отырып, тағы да бір рет қазақтың ұлттық аспаптарының әсем сазын көпшілікке танытуға, жалпы алғанда Қытайда қазақ мәдениетіне қызығушылық тудыруға тырысық», - деді Бейжің пошта және телекоммуникациялар университетінің екінші курс студенті Айбек Көркемұлы қазақстандық журналиске берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігінің құрамында ҚХР-дағы қазақ диаспорасының 15 мың азаматы кіреді. 

Соңғы жаңалықтар