Бейжіңде ер адам қайшымен 14 адамды жарақаттаған, қаза тапқандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің қаласы маңында ер адам  көшеде өтіп бара жатқан 14 адамды қайшымен жарақаттаған.

 Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады.

Олардың деректерінше, келеңсіз жағдай Миюнь уезінде бетон араластыратын станцияда болған.

 Шабуыл жасағаннан кейін ол шағын автобусқа мініп, ізін жасырмаққа әрекеттенеді. Жолай тоғыз адамды қағып кеткен, олардың біреуі сол жерде ажал құшты.

Қазіргі уақытта қылмыстың неліктен жасалғаны беймәлім. Жергілікті полицияның мәліметінше, қаскүнем ұсталған.

 

Соңғы жаңалықтар