Бейжіңде «Цифрлық Қазақстан» мен «Цифрлық Жібек жолының» байланыстары сөз болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев «Obor Cloud Network Technology Co.Ltd» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Янмен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Тараптар «Цифрлық Қазақстан» мен «Цифрлық Жібек жолы» бағдарламаларының байланысын сөз етті. Сонымен қатар олар Қазақстанның «Қорғас» Халықаралық шекарааралық ынтымақтастық орталығын (ХШЫО) пайдалана отырып, трансшекаралық электронды сауданы дамыту мәселесін талқыға салды. ХШЫО аймағында тауарлар мен азаматтардың толық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін желілік бақылау орнату мүмкіндігіне байланысты мәселеге және «бір терезе» қағидатымен көрсетілетін логистикалық қызметтердің сапасын арттыруға ерекше мән берілді. Бұл өз кезегінде ҚР әлеуетін арттырып, шағын және орта бизнесінің өнімдерін Қытайға трансшекаралық электронды коммерция платформасы арқылы экспортын ұлғайтып, соңғы сатып алушыларға тауарды «B2B» (business-to-business) и «B2C» (business-to-consumer) форматында жеткізуге мүмкіндік туғызады.

Ш.Нұрышев заманауи технологияларды пайдалану мен трансшекаралық электронды коммерцияны нығайтудың ел экономикасының түрлі салаларын цифрландыруға бағытталған Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауы аясында маңызды мәселе болып табылатындығын атап өтті. Қазақстандық дипломат «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен қытайлық «Жібек жолының экономикалық белдеуі» аясында қазақстандық экологиялық жағынан таза ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына кіргізу мәселесіне баса назар аударды.



Сонымен қатар екі елдің құзырлы органдарының жұмыс тиімділігін арттыру, жеделдету оңтайландыру мақсатында «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА базасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қызметкерлері мен кеден, карантин органдары өкілдері үшін кешенді қызметтердің ықпалдастырылған платформасын құру мәселелесі бойынша пікір алмасылды. Аталған платформа Қытайдан Еуропаға және кері қарай жөнелтілетін тауарлар салынатын әрбір контейнердегі бос орындарды анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде бос орындарды тиімді толықтырып, жүкті баратына жеріне дейін толық бақылап отыруға мүмкінік жасайды.

Айта кетейік, «OBOR Cloud Network Technology Co., Ltd» компаниясы ҚХР-дағы алдыңғы қатарлы IT компаниялардың бірінен саналады. Ол Қытайдың бас кеден, тауар сапасын бақылаушы орган, карантин инпекциясы, басқармалары және Қытай темір жолы үшін бағдарламалар әзірлейді.

Бұған қоса компания Қытайдағы алғашқы трансшекаралық электронды коммерция үшін алғашқы қойманың дайындаушысы болып табылады.

«Obor Cloud Network Technology Co.Ltd» компаниясының штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан және Қытайдың барлық аймағында, сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Украина, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Индонезия, Камбоджа сияқты мемлекеттерде оның филиалдары бар.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2013-2016 жылдар аралығында Қытайдың трансшекаралық электронды саудасының көлемі 1,8 трлн долларды құраған, яғни жылдық өсім 35 процентті құрайды.

Соңғы жаңалықтар