Бейжіңде Астанадағы LRT құрылысын жеделдету мәселесі талқыланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Бейжің қаласының вице-мэрі Инь Хэцзюньмен бірге аймақаралық өзара әрекеттестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Ш. Нұрышев биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті.

«Бұл уақыт аралығында біздің саяси, сауда-экономикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестік қарқынды дамыды. ҚХР Төрағасы соңғы төрт жылда Қазақстанға үш рет келді, бұл біздің өзара қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейінің айғағы», - деді ол.
null 

Тараптар аймақаралық өзара әрекеттестік пен ҚР қалаларымен және облыстарымен байланыс орнатудың келешегін талқылады. 

Қазақстан Елшісі қыркүйек айында ҚХР Гуанси-Чжуан автономды аймағының Наньнин қаласында өтетін аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында өзара байланысты нығайтуға шақырды.

Кездесуде Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің құрылысын жеделдету туралы Астана әкімі Әсет Исекешев пен Бейжің мэрі Цай Ци арасындағы уағдаластықты жүзеге асыруды талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Онда жобаның индустриалды-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасына енетіні және оны табысты жүзеге асырудың екі ел арасындағы достықтың жоғары деңгейін көрсету қажеттігі баса айтылды.

Соңғы жаңалықтар