Бейжің ауруханасы қазақстандық жанұяларға өтемақы төледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстаннан келген мүгедек балаларға «3 S жүйкені бұғаттау» емін қолданудың орнына «ботокс» уколдарын салып жіберген қытайлық клиника 13 отбасына өтемақыны толық төледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстандықтардың мүддесін қорғаған «Sezimtal» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сұңқар Нұрмағамбетов әр отбасының жеке шотына 100 мың доллар көлемінде ақшалай қаражат аударылғанын хабарлады.   

««Sezimtal» қоғамдық қоры Бейжіңдегі Лимин церебалды сал ауруы клиникасының (ҚХР) 100 000 USD көлемінде 13 қазақстандық отбасы мен олардың сал ауруымен ауыратын балаларына тиесілі барлық өтемақыны аударғанын қуанышпен хабарлайды. Ата-аналар ҚР аумағынан немесе шет мемлекеттерден балаларының қажеттілігіне сай медициналық мекеме таба алатынына сенімдіміз», - деп хабарлады ол.

«Шетелдік медициналық мекемелермен байланыс орнатуда ҚР азаматтарына алданып қалудың мүмкін екенін және денсаулыққа орасан зақым келтіру қаупінің жоғары екенін ескерктім келеді», - деп толықтырды ол. Адвокат ҚР СІМ қолдауымен және консулдық қызмет жетекшісі Болат Сырлыбаевтың сот процесіне қатысуымен зардап шеккен 13 отбасына «Sezimtal» қоғамдық қорының құқықтық көмек көрсеткенін еске салды.

Балалардың ата-аналары қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысын білдірді. Естеріңізде болса, 2015 жылдың соңында 13 отбасы қиындыққа ұшырағанын хабарлаған еді. Олар Бейжіңге ем қабылдауға барған. Ем қабылдап біткен соң, балаларға тек «Диспорт» (ботокс егу) процедурасын ғана жүргізгені анықталды. 

Диспорт бұлшықеттердің түйілуін уақытша тоқтатады және бұл ем Қазақстанда сал ауруымен ауыратын балаларды оңалту бағдарламасы бойынша тегін жүргізіледі. Қараша айында ата-аналар мен клиника өкілдері Гуанчжоу қаласында кездесті, дәрігерлер ботокс еккен балалардың ата-анасына өтемақы төлеуге уәде берді. 

Соңғы жаңалықтар