Бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіт «Жыл үздігі» атанды

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда облыстың ең таңдаулы жастарына «Жыл үздігі - 2017» сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Дәстүрлі байқауда мыңға жуық үміткердің ішінен он алтысы үздік шықты.

Жүлдені тапсыру рәсіміне қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов жастардың қоғамдағы үлкен күш, олардың әр салада қосқан үлестері елеулі екендігін атап өтіп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

null 

Байқау қорытындысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Мөлдір Сапар «Үздік жас көшбасшы», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Зердегүл Мүсірова «Үздік студент», Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейі математика және информатика пәнінің мұғалімі Марс Мақсот «Үздік жас ұстаз», Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ғылыми кеңесінің мүшесі, магистрант Серік Бақиев «Үздік жас ғалым», А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының актері Руслан Жұмахметов «Үздік жас өнерпаз» атанды. Сондай-ақ Санкт-Петербор мемлекеттік педиатриялық медицина академиясының түлегі Тимур Багвашев «Үздік жас дәрігер», шорттрекшілер, Қазақстан құрама командасының мүшелері Нұрберген Жұмағазиев пен Анита Нагай «Үздік жас спортшы», «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Нина Павлычева «Үздік жас тілші», Оралдағы №20 мектеп оқушысы Кәмила Әділова «Үздік мектеп көшбасшысы» аталымымен марапатталды.

null  

Оған қоса арнайы сыйлықтар да тапсырылды. БҚО ТЖ департаментінің құтқарушысы Рүстем Ғұбашев «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» дараланды. Ал өзі танымайтын шымкенттік Жәмила Байсеріковаға бүйрегін берген Абзал Әділов «Мейірім» сыйлығына ие болды. Өзінің айтуынша, қазіргі кезде, ең бастысы, Жәмиланың беті бері қарап келеді. Отадан кейін Жәмиланың қасында болып, сол отбасының бір мүшесіндей болып кеткен Абзал таяуда Оралға оралды. Бұрын құрылыс саласында еңбек еткен Абзалға бүйрегін бергеннен кейін енді ауыр жұмыс жасауға болмайды. Енді ол басқа жұмысқа орналаспақшы.

null null

null 

Продюсер, «Қайыр» қайырымдылық қорының президенті Алпамыс Шаримов «Жыл жаңалығы» атанды. Ол өзінің сыйлығын биыл өмірден өткен, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да мәдениет және өнер факультетінің деканы қызметін атқара жүріп, жастар тәрбиесіне атсалысқан Мейрам Исатаевқа арнайтынын жеткізді.

null 

Сонымен қатар өңірдегі 190 талантты жасқа облыс әкімінің білім гранттары тапсырылды.  

null 

Соңғы жаңалықтар