Бейсенбіде күн райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын күтіледі, екпінді жел болады, еліміздің солтүстігінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз  жел 15-20 м/с дейін күшейіп, бұршақ болуы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20  м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғарыі өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар