Бейсенбіде Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 15 наурыз күні Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Астана, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Қостанай, Ақсай, Орал қалаларындағы метеожағдай ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ал, Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент  қалаларында атмосферада ластаушы заттар сейіледі.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар