Бейсенбіде еліміздің батысынан басқа өңірлерде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 наурызда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы сақталады, жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман көктайғақ болады, жел күшеюі 15-20 м/с күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар