Бейсенбіде еліміздегі 10 облыста аптап ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, шығыс және орталығында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады, республиканың басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болады

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында аптап ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

 

Соңғы жаңалықтар