Бейсенбіде ел аумағының басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, тек батыста, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі  күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар