Бейсенбі күні Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 22 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 11 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы, Астана, Балқаш, Қарағанды, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау,  Қостанай, Петропавл, Өскемен және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттар таралады.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Балқаш, Қызылорда, Тараз, Ақсай,  Орал және Шымкент қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тымық күн, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.

 

Соңғы жаңалықтар