«Беймәлім Қазақстан» Бакудегі фотокөрмеде көрсетіледі

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бакудегі Әзербайжан мемлекеттік көркемөнер академиясында «Беймәлім Қазақстан» жас фотографтар көрмесі өтеді. Аталған фотожобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры Әзербайжандағы ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

«Беймәлім Қазақстан» - Ұлы Даланың алуан түрлі табиғаты бар, ежелгі аңыздары бар бірегей фотокөрме. Өзіндік ерекше бояулары бар экспозиция халқымыздың тарихы мен бай мәдениетін сақтауға тырысқан. Фотожобаның әр жұмысы келушілердің таңданысын туғызып қана қоймай, елімізді тереңірек тануға мүмкіндік береді.
null null  

Фотокартиналардың әсемдігі ешкімді бей-жай қалдырмайды және Қазақстанды тануға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді», - деді атқарушы директордың орынбасары - Алматыдағы Қор өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

«Беймәлім Қазақстан» - жас фотографтардың бастамасы, оны жүзеге асыру үшін Қор 2012 жылы грант бөлді. Жобада еліміздің беймәлім, тіпті адам аяғы аттап баспаған жерлерінде түсірілген 3 000 бірегей кадр бар.
null  

Фотокөрме Венгрияда, Грузияда, Қытай мен Ресейде, Оңтүстік Корея, АҚШ және Францияда қойылды. Енді Әзербайжан халқы 40-тан астам фотожұмысты көріп, жас таланттардың шығармашылығына баға беру мүмкіндігіне ие. 
null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар