Бейбіт Атамқұлов Жолдау жүктеген міндеттермен Қарағанды облысында болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдықты бағыттарын халыққа түсіндіру мақсатында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың Қарағанды облысына сапары өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ведомствоның баспасөз қызметінен.  

Ақпараттық топ іс-сапар аясында «Сарыарқа» АЭА-да болып, онда «Steel manufacturing» жобасы құрылысының барысымен танысты, сонымен қатар, жылына 24 мың тонна металлургиялық кремний өндіретін кремний зауытының өндірістік алаңында - «Тау-Кен Темір» ЖШС-де болды.

Одан кейін Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Б.Атамқұловтың еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

«Қазақстан бүгінде жаңа дәуірдің алдында тұр. Әлем барынша даму үстінде. Адамзат баласы төртінші өнеркәсіптік революциясының дәуіріне енуде. Бұл дегеніміз - жоғары білім мен технологияларға негізделген айрықша индустриализациялау. Осы жағдайларға байланысты Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз ету міндетін қойып отыр»,- деді министр.

 «Елбасы еліміздің алдына ауқымды міндеттерді қойып отыр. Оларды табысты етіп іске асыру үшін Қазақстанда, әсіресе, Қарағанды облысында аса қуатты әлеует бар. Өйткені, бұл жер - барлық металлургиялық және көмір өнеркәсібінің орталығы» -деп атап өтті Б. Атамқұлов.

Жүздесу соңында қатысушылардың барлығы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын бір кісідей қолдап, Қарағанды облысы қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді қатысатындығын айтты.

Сонымен қатар, министр Қарағанды облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіне қатысты. Онда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылғы қорытындылары мен 2017 жылға арналған жоспарлары айтылды. Облыс басшысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы толыққанды ақпарат берді.

Соңғы жаңалықтар