Бейбіт Атамқұлов қорғаныс тапсырысы операторлары институтынан бас тартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мемлекеттік қорғаныс тапсырысы операторлары институтынан бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілісте «Қорғаныс өнеркәсібі жене мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын таныстырған оның айтуынша, мемлекеттік қорғаныс тапсырыс операторлары институты ілкі жоба ретінде 2015 жылы енгізілген.

«Шындығында да операторлар институты енгізілген сәттен бері белгілі бір процесстер бар. Ең бастысы біздің әскери қызметшілеріміз тауарларды сатып алу процесіне аз қатыса бастады. Аталған операторлардың арқасында әскери қызметшілер коммерциялық мәмілелерден қорғалды. Яғни, бұл бағыттағы жемқорлық көріністері азайды. Дегенмен, біз үш жылға сараптама жүргіздік, келешекте «оператор» түсінігі сенімсіздік тудыратындай теріс факторлар да бар. Біріншісі қызметтердің қымбаттауы орын алды. Яғни, ешқандай да нормативтік-құқықтық актілермен реттелмейтін белгілі бір комиссиясы бар операторлар пайда болды. Мәселен, өткен жылы киім-кешекпен қамтамасыз ету бөлігіндегі операторлардың комиссиясы 1,3 млрд теңге болды», - деді Бейбіт Атамқұлов депутаттардың сауалына орай.

Министрдің атап өтуінше, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына жол бермеу мақсатында тікелей келісімшарттар жасасу көзделуде.

«Операторлар институтын енгізген кездегі мақсат сатып алынатын тауарлардағы қазақстандық қамтуды барынша ұлғайту болған еді. Бірақ, сараптама 2015 жыл бойы киім-кешек импортының көлемі 4 пайызға өсіп кеткенін көрсетті. Бұған қоса, бәсекелестік төмендеп, консорциумдар құрылған. Сәйкес құзіреті мен құрал-жабдықтары бар шағын және орта бизнес субъектілері мемлекеттік қорғаныс тапсырысын ала алмауда. Бұл аталған сектордағы кәсіпорындардың дамуына кедергі», - деді ол.

Айта кетерлігі, заң жобасына сәйкес қазақстандық ғалымдар мемлекеттік қорғаныс тапсырысымен жұмыс істей алады.

Елімізде қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады.

Соңғы жаңалықтар