«Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы 500 млн теңгеге сатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубы 500 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми атауы «Бейбарыс-Атырау» шайбалы хоккейден облыстық кәсіби спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны деп аталатын «Бейбарыс» хоккей клубы кейін сатып алу құқығымен 500 млн теңгеге сенімді басқаруға берілді. Сауда-саттық өткізілді, бастапқы баға 183 млн теңге болды», - деп мәлім етті облыстық Қаржы басқармасының басшысы Нұрсұлтан Бисембиев.

Аты-жөні аталмаған клубтың жаңа иегері оның қызметін жалғастыруға және жұмысшылардың санын қысқартпауға міндеттеледі. Онымен қоса, ол бүгінгі күні 120 жеткіншек жаттығып жүрген балалар секциясын сақтап қалуы тиіс.

 

Соңғы жаңалықтар