Бетперде киген қарақшылар отбасы мүшелеріне қару кезеп, тонап кеткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында бетперде киген қарақшылар түн жарымда жергілікті тұрғынның үйіне баса көктеп кірген. Отбасы мүшелерін қарумен қорқытып, бағалы заттарын алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Қарақшылық шабуыл жасағандар үй иелерін қорқыту арқылы алтын бұйымдары мен 150 мың теңгесін қолды еткен.

Өңірдің тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. 

Олардың бірі бұған дейін де қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа да қарақшылық  қылмыстарына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар