Бесшатыр қорғандары әлі зерттеуді қажет етеді - Халық Байәділов

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Бесшатыр» қорғаны тұнып тұрған тарих. Бұл жерді б.з.д. VII-IV ғасырларда сақтар мекен еткен. Қазір осы көне қорымдар туристер үлкен қызығушылық танытып отырған мекенге айналған. Сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бесшатыр» қорғандарына алыстан қарағанда үлкен бес төбе көрінеді. Сол себепті «Бесшатыр» деп аталып кеткен.  Ал жақындағанда төбешіктердің  саны арта түседі. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Дәл осыншама қорған бір-бірімен жерасты жолдары арқылы байланысады. Бұл жерде сақтар жерленген. Жерасты жолдарынының бар екенін кез-келген турист өз көзімен көре алады. Бірақ, ол жолмен жүруге мүмкіндік жоқ. Себебі уақыт өте жерасты дәліздері құлап, көміліп, жабылып қалған. Ал ең үлкен қорғанның биіктігі 17, диаметрі 104 метр. Кейбір қорғандарды сан ғасырлық тарихы бар меңгір тастар қоршаған. Ол тастар сол замандағы сақтардың мәртебесіне қарай қойылған деседі. Бұл аймақты 1959-1960 жылдары белгілі археолог, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемал Ақышев бастаған топ зерттеген.
null 

«Қазақстандық және ресейлік археологтар 18 қорымды ашып, зерттеді. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде адамдардың сүйектері, сақтардың пайдаланған қыш ыдыстары, әшекей бұйымдары, қарулары, қалқандары табылған. Одан басқа қорымды ашқан кезде ағаштан құралған конструкция шыққан. Сол конструкцияның өзі үш бөлімнен яғни, кіреберіс, дәліз, ақымнан тұрады. Және де қорғандардың өзі үлкен, орта, кіші қорған болып үшке бөлінеді. Үлкен қорғанда сақтар өздерінің патшаларын жерлесе, орта қорғанда ру басшылары мен әскер қолбасшыларын жерлеген. Ал кіші қорғанда қарапайым әскери адамдары жерленді», - дейді «Алтынемел»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маманы Жансерік Елубай. 
null  

«Бұл қорғандарда сол кездегі қолбасшыларды жерлеген. Бірақ оның барлығы белгілі бір ара-қашықтықта жерленген. Меніңше, әлі зерттелетін тұнып тұрған тарих. Біз бір қорғанды ашық аспан астындағы музей етіп жасадық. Ғалымдар бұл жерде өте көп еңбек етті. Әр қорғанның астында жерасты жолдары бар. Және олар бір-бірімен байланысады. Біз оны дамытуымыз керек. Әлі де зерттеуді қажет етеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруда бұл мекеннің алар орны ерекше», - дейді «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Халық Байәділов. 
null 

Сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткішке қызығушылық танытып, арнайы келетін туристер де баршылық.

«Таңғажайып әлемге тап болғандаймын. Меңгір тастардың өзі өте әдемі. Қорымдардың бір-бірімен жерасты жолдары арқылы байланысатыны мені тіптен таңғалдырды. Еліме барғанда Қазақстанның тарихы жайлы айтатын боламын», -  дейді италиялық Даниела Джордани.
null 

Айта кетейік, биылғы жылдың 12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Адам және биосфера» бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясы өтті. Онда еліміздің «Алтынемел»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енді.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар