Бесағаш тұрғындары лай ортасында қаламыз ба деп қауіптеніп отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы іргесіндегі Бесағаш ауылының жүздеген отбасы әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүргелі біраз болды. Тұрғындар қатты нәсер жауын жауса, үйлері лай ортасында қалмай ма деп қорқып отыр. Бұл туралы «Бурабай» коттедж қалашығының тұрғындары ҚазАқпарат тілшісіне айтты.

Олардың айтуынша, бар пәле коттедж қалашығының иесі Дәурен Мейірманов деген азаматтың өз ісіне  жауапсыздығынан туындаған. Ол тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ешқандай әрекет жасап жатқан жоқ.

«Үш жыл бұрын қалашықтың жоғарғы жағындағы жерге үйлер салынған. Енді төменгі жағынан салынып жатыр. Үй салу үшін тау бөктері ұңғылып, тегістеліп  сол арқылы жер аумағын ұлғайтуда. Оның асты түгел сары топырақ. Өткен жолы 1 үйді лай басып қалды. Енді барлық 100 отбасы лай ортасында қалуы мүмкін», - деді тұрғындардың бірі Айжан Тілекбаева.

1 

Жергілікті қалашықты су, кәріз жүйесімен, электр желісімен жабдықтауда проблема шаш етектен. Жолға асфальт төсеуді де жергілікті монополист кейінге қалдырған.

2 

«Жерді сатып алған кезде Мейірмановтың адамдары бізден ақша жинап алған. Алайда, ол ақша қажетті мақсатта жұмсалмады. Қарызға белшеден баттық. Электр энергиясына қарызымыз көбейіп, іс сотқа кетті. Сот Мейірмановты борышты қайтаруға үкім шығарды. Бірақ әлі сол қарыз мойнымызда тұр», - деп айтты ПӘК төрайымы Жанна Жәкенова.

3 

Амалы қалмаған тұрғындар ауыл әкімі Мұхит Әлібековке жүгінген.

«Біз жағдайды түсініп отырмыз, бірақ қазір әкімдікте ақша жоқ. Бірақ жергілікті билік Мейірмановқа ықпал етсе де жаман емес. Кәріз желісі дұрыс жүргізілмегендіктен адамдар әрқайысы септик қазып алған. Ал мына сары топырақ үстінде орналасқан жерде бұл әлбетте қауіпті», - деді А. Тілекбаева.

Өз кезегінде ауыл әкімі тұрғындардың арыз шағымын жіті бақылауға алатынын айтты.

4 

«Талғар ауданы әкімдігінде жиын өтті. Мейірманов барлық проблеманы шешіп беремін деді. Бұл туралы хаттама бар. Бәрі куә болды. Мәселені бақылауға аламыз», - деді Мұхит Әлібеков.

Айта кетейік, Бесағаш ауылында таудағы сары топырақ көшіп, лай бір үйдің ауласын түгел басып қалған болатын. Мамандардың айтуынша, толассыз жауған жаңбырдан топырақ асты қопсып кетеді.

5 6  

Соңғы жаңалықтар