Бермуд үштағанының сыры ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық метеорологтар Бермуд үштағаны ретінде белгілі Майамиден оңтүстікке қарай орналасқан ауытқу облысының болуына қатысты ықтимал түсініктеме берді, деп хабарлады Лента.ру.

 Спутниктен түсірілген суреттер сараптамасы бұл аймақта  Атлант мұхитында алтыбұрышты пішінді бұлттардың бар екенін көрсетті. Ғалымдардың пікірінше, олар «авиабомба» рөлін ойнайды. Бермуд үштағаны аспанында жарылған олар төменге қарай, мұхитқа қарай бағытталған қуатты ауа ағынын құрады. Атмосфералық толқындардың әрекеттесуі, ғалымдардың пікірінше,  турбулентті аймақтардың қалыптасуына әкеледі. Ұшақтар мен кемелер соған түсуі мүмкін. Теңіз және әуе кемелерінің жоғалу аңыздары шыңдары Флорида, Бермуд аралдары мен Пуэрто-Рикода орналасқан  Бермуд үштағанымен байланысты.  Ықтимал ауытқу түрлі себептермен түсіндіріледі. Солардың ішінде ауа райы жағдайлары мен өзге планета тұрғындарының ықпалы бар.

 

Соңғы жаңалықтар