Берлиндегі Рождество базарының маңынан оқ-дәрі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлин полициясы Рождество базарының маңынан оқтардың табылуына байланысты дабыл қағып жатыр. ГФР полициясы Берлинде табылған оқтар партиясының лаңкестікке ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС dpa агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге орай, ГФР полициясы «оқтардың табылуы лаңкестік әрекеттерін жасау жоспарымен байланысты болмауы тиіс, алайда фактіні түбегейлі тексеру қажет» деп мәлімдеген.

Bild порталы хабарлауынша, Берлин полициясы жексенбі күні Шарлоттенбург ауданындағы Рождество базарының маңынан оқтар партиясы табылуына байланысты дабыл қаққан болатын. Ер адам полицияға жерасты көлік тұрағынан пакеттерге салынған 7.65 калибрлі жаңа оқтарды тауып алғанын хабарлаған.

Криминалистер осы фактіні тексеріп жатыр. «Оқтардың кімге тиесілі екені әлі анықталған жоқ», - дейді полициядағылар.

Соңғы жаңалықтар