Берлинде теракт жасаған Анис Амри үшін 100 мың еуро тігілді

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Берлиндегі рождестволық жәрмеңкеде болған лаңкестік ісі бойынша 24 жастағы тунистік Анис Амри ресми түрде іздеуге жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Егер іздеуде жүргенді көрген болсаңыз, полицияға хабарласыңыз. Бірақ қатерге ұшырап қалмаңыз, себебі ол қауіпті әрі қаруланған болуы мүмкін», - делінген прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Прокуратура Амридің жасырынған жерін нұсқаған адамға 100 мың еуро көлемінде сыйақы беруге уәде етті.

Ел билігінің мәліметінше, Анис Амри Германияға 2015 жылдың маусымында босқын мәртебесін сұрап келген болатын. Бірақ оның өтініші қабыл алынбаған. Бірақ күдікті Туниске қайта оралмаған, себебі өзімен бірге тұлғасын растайтын құжаттары болмаған.

Еске салайық, дүйсенбі күні кешке жүк көлігі Берлин орталығындағы рождестволық жәрмеңкеге жиналған қалың жұрттың ортасымен жүріп өткен болатын. 12 адам қаза болып, 48-і жарақаттанды. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы болған оқиғаны өз мойнына алды. 

Соңғы жаңалықтар