Берлинде полиция пышақпен шабуылдаған босқынды атып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлин полицейлеріне соңғы уақытта жиі қару қолдануға тура келіп отыр.

Берлин полициясы босқындарға арналған жатақхана маңында көршісіне пышақ ала жүгірген босқынға оқ атты.

Неміс БАҚ деректеріне сәйкес, босқындар арасындағы жанжал 27 жастағы азаматтың 29 жастағы көршісінің сегіз жасар қызын зорлағаннан кейін орын алған. Бұл оқиға туралы полиция хабардар болған.

Полицейлер қызды зорлаған күдіктіні ұстамақ болады. Олар жатақханаға келіп, күдіктінің қолына кісен салып, көлікке алып кетеді. Босқын көлікке отыра бергенде жәбірленушінің әкесі оған пышақпен тұра ұмтылады.

Куәгерлердің айтуынша, қыздың әкесі ұсталған босқынға «өлтірем» деп айғайлаған. Осы сәтте полицейлерге шабуылдаған адамға қару қолдануға тура келген.

Осының салдарынан жәбірленушінің әкесі бірнеше ауыр жарақат алады да бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмады. Күдікті полицияда қалады.

Соңғы уақытта полицейлерге жиі қару қолдануға тура келіп жүр. Қыркүйектің басында полицейлер қабаған итін өлтірмекші болған адамды абайсызда атып тастады. Тамызда полиция қолынан жүргіншіге сес көрсеткен бір адам оққа ұшты.

Соңғы жаңалықтар